Экономика және қаржы жөніндегі бас директордың орынбасары
Табильдинова Құлжан Мұқамышқызы
Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Экономист» мамандығы бойынша, Қостанай ауыл шаруашылығы техникумын «Бухгалтер» мамандығы бойынша бітірген. Азаматтық авиация және әуежай қызметі саласында үлкен тәжірибесі бар. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің мемлекеттік меншікке бақылау жасау бөлімі бастығы, «Евро – Азия Эйр» АҚ филиалында бас бухгалтер, бас экономист, Астана әуежайының бас бухгалтері, «АБКА-құрылыс» ЖШС, «MS AIR KZ» ЖШС бас бухгалтері болып жұмыс істеді. 2015 – 2016 жылдары «Қазақстан авиациялық индустриясы» ЖШС-нің қаржы және экономика жөніндегі бас директорының орынбасары қызметін атқарған. 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін қаржы және экономика жөніндегі бас директордың орынбасары лауазымында еңбек етуде.
© 2024
ҚАИ
Made on
Tilda