«Қазақстан авиациялық индустрия» ЖШС 2012 жылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің бастамасымен мемлекеттік авиация ұшақтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
2016 жылы әртүрлі мақсаттағы төрт ангардан тұратын заманауи өндірістік кешен іске қосылды. 2018 жылдың шілде айынан бастап «ҚАИ» Ан-72 ұшақтарына регламенттік техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүзеге асырып, белсенді өндірістік қызметті бастады.
Қызметтің негізгі бағыттарына ұшақтар мен әуе көліктерін өндіру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кіреді. Біз авиация саласының барлық заманауи стандарттары мен талаптарына сай жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге ұмтыламыз.
Бағыттар:
ӘК техникалық қызмет көрсету және күрделі жөндеу.
Өлшеу құралдарын метрологиялық тексеру және калибрлеу.
ҰҰА өндірісі.
Әуе кемелерін бояу.
Логистикалық қолдау.
Бұзбайтын бақылау.
ӘК ұшу-қону құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу.
Зарядтау және қайта зарядтау станциясы.
Авиациялық өндіріске арналған жабдықтар мен қосалқы жабдықтар жасау


© 2024
ҚАИ
Made on
Tilda